Содержание

Открытое письмо (О ведении делопроизводства на казахском языке в учреждениях).
Нурсултан Назарбаев. Казахстанский путь: стабильность, единство, модернизация.
Обращение участников XIX сессии Ассамблеи народа Казахстана к гражданам страны.
Айман Сеилбеккызы. Развитие правовой журналистики: недостатки и препятствия.
Шолпан Караева. «Дело по Жанаозену»: правда и кривда. Мақала толығымен… »

Мазмџны

Заманхат
Бейімбет МАЙЛИН. Мәдениет мұралары…………………………………………………………….3
Ізгілікті қоғамға барар жолда
Мұқсин Дәкенов. Болашақтағы дамудың басты әлеуметтік бағыттары………..4
Серікқали ХАСАН. Бұрынғылардың арман-тілегін ескерген халықтың тағдыры да тағдырлы болмақ……………………………………………………………………………………………10
«Ақиқат» поштасынан
Әлеуметтің мұқтажы ескерусіз қалмайды………………………………………………………….16
Қазақстаным – қарашаңырағым
Ораз ҚАУҒАБАЙ. Қазақстандағы халық бірлігі үлгі………………………………………..17
Ауылым – алтын бесігім Мақала толығымен… »

МӘДЕНИЕТ МҰРАЛАРЫ

Бейімбет МАЙЛИН

Мәдениеттіліктің негізгі белгілерінің бірі – өткен заманның мәдениетін тауыса зерттеу. Ескі замандардан қалған мәдениет белгілерін, мәдениет мұраларын қорғап аман сақтау. Мәдениет мұраларын аман сақтау ғылым үшін керек нәрсе. Ғылым бұл мұралар арқасында әлдеқашан болып жоғалған мәдениеттің құрылысын, жолын зерттеп тарих шығарады, жаңа мәдениет жұмысына оңай жол табады…
1917-18 жылдарда, азамат соғысы уақытында қазақтар күйдірген тастан салған әдемі мектеп үйлерін «бұл ескі, Николай салдырған үйі ғой» деп бұзып талап алды. Николай салдырмақ түгіл, арғы атасы Роман салдырса да, 40-50 бөлмелі күйдірген тастан салынған жақсы үйлер қазақ еліне пайдалы, қазақ даласына сән еді, мәдениет мұрасы еді. Мақала толығымен… »

Болашақтағы дамудың басты әлеуметтік бағыттары

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық уни­вер­си­тетінің тарих факультетінің теориялық-қол­дан­балы сая­­саттану және әлеуметтану кафедрасы «Әлеуметтік жаң­ғырту қазіргі Қазақстан қоғамының дамуының маңызды фак­торы ретінде» деген тақырыпта Елбасы Нұрсұлтан Әбіш­ұлы Назарбаевтың «Әлеуметтік-экономикалық жаң­ғыр­ту – Қазақстанның дамуы­ның басты бағыты» атты Қазақстан халқына арналған биылғы Жолдауында көтерілген келелі мәселелер мен оларды жүзеге асырудың жолдарын талқылауға байланысты пікір алмасты.  Мақала толығымен… »

БҰРЫНҒЫЛАРДЫҢ АРМАН-ТІЛЕГІН ЕСКЕРГЕН ХАЛЫҚТЫҢ ТАҒДЫРЫ ДА ТАҒДЫРЛЫ БОЛМАҚ

Серікқали ХАСАН,
жазушы

Осындай жүзі жарқын күндерге дейін жеткізіп отырған тау тұлғалы тәуелсіздігіміздің алдында әр таңда да басымызды иіп тұрып, «тәубә-тәубә» дейміз. Бұлай ететіндей жөніміз де жоқ емес, баяғыдағы Ұлы Жібек жолының бойында тұрмыс-тіршілік кешкен ата-бабаларымыздың үрдісті өміріндегі үзіліп қалған арманы осынау баға жеткісіз тарихи тәуелсіздігіміздің арқасында өзінің заңды түрдегі жалғасын қайта тауып, болашаққа даңғыл жол салып отыр емес пе?!. Ұлы Жібек жолы бойындағы дәулеті асып, шарықтаған көп қалаларымыздың күн өткен сайын сәулеттеніп, көркейіп, дами түскендігін кезінде олар көре алмай кетсе де, олардың бүгінгі ұрпағы көзбен көріп, сезінудей-ақ сезініп отырғандығы көңілге бір ерекше мақтаныш сезімін ұялатады. Жалпы, қала тақырыбы – біздің еліміздегі ешкімді ешқашан енжар қалдырмайтын, өзекті де, өткір тақырыптардың бірі. Өткенге ой көзімен үңіле қарасақ, қазақ қай ғасырда да қала маңына топтасумен болыпты. Есте жоқ ескі дәуірлердің өзінде де сол замандардағы шежірешілер мен жылнамашыл-жиһан­кез­дердің тасқа басылып, таңбаланып қалған еңбектерінде Ұлы Даладағы қазақтың ондаған шағын және ірі қалалары болғандығы аттарымен аталып, түстерімен түстеліп айтылады. Біздің ондай тарихи қалаларымыз қазағымыз ежелгі дәуірде сақтар, сарматтар, үйсіндер, қаңлылар, аландар, ғұндар деп аталынып, Түркеш, Қарлық, Қимақ, Қарахандар әулеті мен қаһандығы дәуірлерінде де көптеп саналыпты. Тіпті, баяғыдағы Шыңғысхан зама­нындағы ұлы қаһанның алдынан алып елдің елдігін танытып, өздерімен есептеспей тұруға болмайтындығын аңғартудай-ақ аңғартып, ұлы қаһанның әрі қарайғы жоры­ғының бағыты мен беталысына ұлы өзгерістер әкелдірткен де біздің осы бір қасиетіңнен айналайын ежелгі қалаларымыз бен сол қалаларда тұрып, жаз жайлауына шығып кетсе, қыс қыстауына қайта келіп, үрдісті өмірін жалғастырып отырған бабаларымыз болыпты. Шыңғысханның өзінен де жойқын күшке ие болған әмірші ұрпақтары да қазақтың қалаларынан көп алысқа ұзап кете алмай, Еділ мен Жайықтың аралы­ғындағы бір шағын қаланы қоныс етіп, ақыры сол жерде өздерінің Алтын Орда мемлекетін құрып, Батый сарай, Сарай, Берке сарай деген астаналық қалалары мен олардың маңайында және ұлан-байтақ елді біріктіріп, ұйыстырып жатқан жүздеген шағын қалаларын да өмірге әкеліпті. Қазақ даласындағы қала мәдениеті Алтын Орда ыдырап, Жайықтың жағалауында Ноғай-Қазақ ордасы құрылғанда да бір бәсеңдеген емес. Бүгінге дейінгі жеткен жәдігерліктер Сарай­шықтан басталған шағын және іргелі қала­лардың өзіне әкімшілік жағынан бағы­натын қай қиырында да аз болма­ған­дығын дәлелдеп отыр. Сол заман­дағы Шығыстан Батысқа, Батыстан Шығысқа қарай шұбатылып жатқан көп керуендер біздің бабаларымыз өмір сүрген қалаларға аялдап, аяқ суытып, демалып, әрі, бір жағынан, өздерінің саудаларын жасай жү­ріп, жол қысқартқандай да болып, мидай араласып жатады екен. Ежелгі дәуір жиһан­кездерінің жазбаларының бәрінде де алып керуендердің қазақ жеріндегі қалаларға аялдамай өткендері болмағандығы да айтылады. Демек, қазақ даласы сол дәуірдегі Ұлы Жібек жолының өрісті өркен­деуіне бірден-бір лайық­ты дала болғанға да ұқсайды. Соған қарап, ежелгі дәуірлердегі қазақтың Ұлы Даласындағы үлкенді-кішілі қалалардың арақашықтығы тап онша ұзақ болмағандығын және керуеншілердің әрі-бері жүріп тұруларына өте-мөте қолайлы болған­дығын да аңғаруға болады. Енді сонау орта ғасырларда алыс өңірлерден су жолдары ашылып, содан былай, кеме қатынасы жедел түрде дамытылып, бұрынғы Жібек жолындағы қа­рым-қатынас мүлдем өзгеше бағытта дамуға бет алғанмен, арада жылдар, ғасырлар өтіп, еліміз өзінің тарихи тәуелсіздігін жариялап, әлемдік өркениеттегі өзіндік даму жолына түсіп, әрі, бір жағынан, тәуелсіздік дәуіріндегі елдік дамудың алғашқы қадамдарын жасар кезде, дұрыс бағыт-бағдар ұстана білуінің арқасында бағзыдан бергі Ұлы Жібек жолын (сауда-саттық, қарым-қатынастарымен бірге) қайта жаңғыртып, ел игілігіне айналдыруға дейін де мүмкіндік алып отыр. Бұны, бірін­шіден, тәуелсіз еліміздің ұстанған бағыты мен бұрынғы Ұлы Жібек жолы бойында отыр­ған көрші елдермен арадағы достық қарым-қаты­насын жаңаша бағытта қайта жаңғырта алуы­ның арқасы деуіміз керек. Екіншіден, Ұлы Жі­бек жолы дәуіріндегі жақсы дәстүрлерімізді, қала өркениеті мен еларалық қарым-қаты­нас­тардағы озық үлгілер мен өнегелік жақта­ры­мызды елдің бүгінгі ортақ игілігіне айнал­дыруға осыдан біраз жыл бұрын Елбасы бастамасымен қолға алынып, ұзақ мерзімдік бағдар­лама бойынша жұмыс істеп, жақсы нәтижелерге қол жеткізген «Мәдени мұра» бағдар­ла­масының да өлшеусіз көп септігін тигіз­гендігін баса айтуымыз қажет. Мақала толығымен… »

ӘЛЕУМЕТТІҢ МҰҚТАЖЫ ЕСКЕРУСІЗ ҚАЛМАЙДЫ

Елбасымыздың биылғы халыққа Жолдауында көрсетілгендей, елімізде индустрияландыру және инновациялық ауқымды шаралармен бірге жекелеген адамдардың, ауыл, село тұрғындарының жұмыспен қамтылуы мен әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерінің оңды шешілуі басты назарда. Бұл тұрғыда ел Үкіметі мен Еңбек және тұрғындарды әлеуметтік қорғау министрлігінің атқарып отырған жұмыстары да ауқымды. Соңғы біраз жылдардан бері «Жол картасы» бағдарламасы аймақтардағы жұмыс қолын көбейту мен жекелеген отбасыларының әлеуметтік мәселелерін шешуге көптеген мүмкіндіктер жасады. Бұл туралы «Ақиқат» журналының беттерінде әртүрлі тақырыптарда көптеген материалдар жарияланып, мамандар мен ғалымдардың талдау-сараптамалық ой-пікірлері де ұсынылған болатын. Мақала толығымен… »

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ХАЛЫҚ БІРЛІГІ ҮЛГІ

Ораз ҚАУҒАБАЙ,
«Ақиқат» журналының бөлім редакторы

Кеңес дәуірінде ерекше тойланатын 1-Мамыр мерекесі былтыр қайта жаңғырып, халық алаңдарға шеруге шығып, еңбектегі табыстары мен жетістіктерін көрсететін плакаттар көтеріп, ұран сөздерін айтып, мерекеде бір шат-шадман болған еді. Астанада, Алматыда және барлық облыс орталықтарында шеруге шыққан халықтың көңіл-күйлері жоғары болды. Былтырғы мереке биыл тағы қайталанып, енді тұрақты түрде жалғасатын болады. Өйткені бұл мереке Қазақстан халықтарының бірлігі күні. Міне, осы мерекенің қайта жаңғыруына байланысты Қазақстан Халық Ассамблеясының мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері «Ұйғыр авази» газетінің бас редакторы Юлдаш Азаматовқа журнал тілшісі жолығып, жаңғырған мереке туралы және Халықтар достығы туралы айтып беруін өтінген еді. Мақала толығымен… »

МОЙЫНҚҰМ МОЛШЫЛЫҒЫ

Сәкен АРУБАЕВ,
Мойынқұм ауданының әкімі

– «Мойынқұм молшылықтың көзі» деген сөзді ел аузынан жиі естиміз. Халық айтса қалт айтпайды дейді ғой. Осы қисыннан алғанда бұл шындық қой. Еліміз егемендік алған жиырма жыл ішінде облыс орталығынан тым шалғай жатқан ауданның тіршілік тынысы, өткені мен бүгіні жайында не айтар едіңіз?
– Ата-бабаларымыз сонау көне заманнан бері-ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен қорғап, кемел кеңдікпен, ерен ерлік-елдікпен артындағы ұрпағына аманат етіп қалдырған қазақтың ұланғайыр ұлы даласының әр өңір-өлкесінің, әрбір аймақ-аумағының өзіндік орны, өз ерекшелігі бар десек, бұл Мойынқұмға да қатысты. Қазақтың бақ-береке дарыған қасиетті де құтты жерінің бірі ол. Мақала толығымен… »

Тұлғасы биік Әділбай

Нұрсадық Сарғожаев,
журналист

Әділ. Парасатты. Қарапайым. Кісілігі мен кішілігі сенсең тонның сырты мен астарындай қабысып жатқан абзал замандас­тарымыз арамызда қаншама… Кейде соны байқамаймыз. Көзге ілмейміз. Пендешілігіміз таразының табағында тең тұрмайды. Беті аулақ болсын, көпе-көрнеу қиянатқа баратындығымыз да бар. Жақсылық пен жамандықтың арасы қарға сүйем екендігін даналарымыз әлімсақтан дөп басқан. Ұрпағыңа абай бол деген. Адамгершілік ардан ауытқу аюандықпен тең екендігін талай мәрте құлағымызға сіңіргендігі бар.
Отырардан шыққан ұлы ойшыл әл-Фараби бабамызша айтсақ, табиғи адамгершілік пен асыл қасиеттер адам бойында белгілі бір географиялық ортаның ықпалымен қалыптасады. Қазақи ұғымға салсақ, «Қасқа айғырдың құлыны қасқа болмаса да, төбел туадыға» саяды. Тегіне тартады. «Адамның жақсы болмағы нағашыдан, үйдің жақсы болмағы ағашынан» дейтін асыл сөз маржанын да жоққа шығара алмайсың. Мақала толығымен… »

ӨНЕГЕЛІ ӨМІР

Орынбек ЖОЛДЫБАЙ,
филология ғылымдарының
кандидаты

Менің бүгін жұртшылыққа таныстырғалы отырған кейіпкерім – Кеңес үкіметінің бір жарым миллион қазақтың басын жалмап, түпкілікті жеңіске жеткеннен кейін, бұл аз болғандай, елдің дүние-мүлкін тәркілеуге кіріскен, осындай дүрбелеңнің ақыры халқымыздың екі жарым миллионын опатқа ұшыратқан отызыншы жылдардың ойранына ұласқан қасіретті кезеңде өмір есігін ашқан тесік өкпе ұрпақтың өкілі.
Өз басым осындай асыл азаматтардың біразымен кезінде қызметтес болып, қатар жүргенімді, дастархандас болып, әңгіме-дүкен құрғанымды, ақыл-кеңес, ғибрат алғанымды бүгінде мақ­танышпен еске түсіремін. Атап айтар болсам, соғыс және еңбек ардагерлері, қарымды қаламгер-журналистер, бүгінде арамызда жоқ Құрманбек Әбілдаев, Төлеубай Ыдырысов, Әбиболла Ахметов, Орақбай Смағұлов және басқа ағаларымыздың әрқайсысы бір-біріне ұқсамайтын ерекше тұлғалар еді. Мақала толығымен… »